Kullanım Kılavuzu
Neden sadece 3 sonuç görüntüleyebiliyorum?
Sadece üye olan kurumların ağından bağlandığınız da tüm sonuçları görüntüleyebilirsiniz. Üye olmayan kurumlar için kurum yetkililerinin başvurması durumunda 1 aylık ücretsiz deneme sürümü açmaktayız.
Benim olmayan çok sonuç geliyor?
Birçok kaynakça da atıflar "Soyad, İ" olarak gösterildiği için özellikle Soyad ve isminin baş harfi aynı olan akademisyenlerin atıfları zaman zaman karışabilmektedir. Bu sorun tüm dünyadaki atıf dizinlerinin sıkça karşılaştığı bir sorundur.
Sadece ilgili makaleme yapılan atıfları nasıl görebilirim?
Makalenizin ismini arattıktan sonra detaylar kısmına bastığınız anda seçtiğiniz makaleye yapılan atıfları görebilirsiniz.
 Görüntüleme 4
Араб жазба ескерткіштері және оның адамзаттың қазіргі рухани өмірімен байланысы
2022
Dergi:  
Journal Of Social, Humanities And Administrative Sciences
Yazar:  
Özet:

Мақалада, ортағасырда түркі елінің қолжазба дәстүріне айналған араб мәдениетінің интеллектуалдық байлығының маңыздылығы ұрпақтан-ұрпаққа берілетін дағдылар мен тәжірибелер жиынтығы тұрғысынан қарастырылды. Араб тілі басқа тілдермен әрекеттескен ортада мәтінді жазбаша түрде бекіту және сипаттау сияқты әдістерді қолдану арқылы білімді сақтау және жеткізу механизмдері арқылы сипаттаудың жолдары анықталды. Негізінен, араб жазуы, оның көмегімен жазылған араб мәтінінің архитектурасы (яғни жазу материалының парақтарындағы орналасу ерекшеліктері) және дәстүрлі библиографиялық сипаттау әдістерінде кездесетін ортақ байланыс сияқты, өзіндік ерекшеліктері болатындығына баса назар аударылды. Өйткені, араб жазуы түркі тілдес халықтардың тарихында ислам дінінің енуімен байланыстырылады және Еуропалық шығыстанушылардың сопылық ағымды түркілердің салт-дәстүрінің бөлінбес бөлшегі ретінде қарастырған ой-пікірлері, мақалада салыстырмалы тұрғыда қайта қаралып, нақтыланды.

Араб әдебиеті араб елдерінің жалпы мәдени негізі бар ортағасырлардан келе жатқан жергілікті дәстүрлерге сай дамуы шығыстанушылардың, ғұлама-ойшылдардың және араб тілін зерттеушілердің еңбектері әлі де болса өзінің қазіргі жаңа көзқарас тұрғысынан объективті бағасын алмаған тұстарын ашуға септігін тигізеді. Мақалада қазақ-араб әдебиетінің тарихи даму жолы өзіндік маңыздылығымен ерекшеленетін А. Яссауидің, С. Бақырғанидың, С. Сараидың және т.б. мұраларының қазақ әдебиетінде алатын орны туралы дүние жүзі халықтарының қоғамдық ой-пікірлерімен байланыстырылып, талданған.

Anahtar Kelimeler:

2022
Yazar:  
Atıf Yapanlar
Bilgi: Bu yayına herhangi bir atıf yapılmamıştır.
Benzer Makaleler




Journal Of Social, Humanities And Administrative Sciences

Alan :   Sosyal, Beşeri ve İdari Bilimler

Dergi Türü :   Uluslararası

Metrikler
Makale : 1.031
Atıf : 416
2023 Impact/Etki : 0.085
Quarter
Sosyal, Beşeri ve İdari Bilimler Temel Alanı
Q4
393/520

Journal Of Social, Humanities And Administrative Sciences