Kullanım Kılavuzu
Neden sadece 3 sonuç görüntüleyebiliyorum?
Sadece üye olan kurumların ağından bağlandığınız da tüm sonuçları görüntüleyebilirsiniz. Üye olmayan kurumlar için kurum yetkililerinin başvurması durumunda 1 aylık ücretsiz deneme sürümü açmaktayız.
Benim olmayan çok sonuç geliyor?
Birçok kaynakça da atıflar "Soyad, İ" olarak gösterildiği için özellikle Soyad ve isminin baş harfi aynı olan akademisyenlerin atıfları zaman zaman karışabilmektedir. Bu sorun tüm dünyadaki atıf dizinlerinin sıkça karşılaştığı bir sorundur.
Sadece ilgili makaleme yapılan atıfları nasıl görebilirim?
Makalenizin ismini arattıktan sonra detaylar kısmına bastığınız anda seçtiğiniz makaleye yapılan atıfları görebilirsiniz.
 Görüntüleme 10
 İndirme 6
Психомоторлық Дамуы Кешеуілдеген Ерте Жастағы Балалардың Моторикасының Даму Ерекшеліктері
2018
Dergi:  
Journal Of Social, Humanities And Administrative Sciences
Yazar:  
Özet:

Бұл мақалада ерте жастағы ауытқуы бар балалардың қимыл-қозғалысының даму ерекшеліктері қарастырылған. Арнайы педагогика мен психология саласындағы әдебиеттерге талдау жасалған: қалыпты және ауытқуы бар балалардың дамуы туралы Л.С.Выготский, Г.Я.Трошин, В.И.Лубовский, Р.А.Сулейменова, А.К.Ерсарина, Т.Г.Щедрин, Л.М.Шипицына және басқа да ғалымдардың еңбектерінде көрініс табады. Қозғалыс саласының ақауларының құрылымдары туралы ғылыми жұмыстар Л.О.Бадалян, Е.И.Гусев, М.В.Ипполитова, С.С.Ляпидевский, Е.М.Мастюкова, Е.Д.Хомский және т.б. еңбектерінде баяндалады. Қозғалыс саласын басқару теориясы туралы ережелер Н.А.Бернштейннің, оқу-тәрбие жүйесінің түзету бағытындағы принциптері Л.С.Выготский, В.И.Лубовский және басқаларының, ал тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық технологиясының теориялары О.Г.Приходько, Е.В.Клочкова, И.Ю.Левченко, Е.М.Мастюкова, A.A.Потапчук және басқа да ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан. Зерттеуге психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мамандарының «Психомоторлық дамуы кешеуілдеген» деген қорытындысы бар балалар алынды. Ерте жастағы ауытқуы бар балалардың қимыл-қозғалысының даму ерекшеліктерін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жүргізіліп, қорытындысы ұсынылған. Әр бағытқа қозғалыс аясының келесідей зерттеу көрсеткіштері анықталды: 1) Жалпы моторика: еңбектеу, еңбектеу кезінде кедергілерден өту, жылдам еңбектеу, отыра алу, тұра алу, жүру, көтерілу, түсу, жиһазға шыға білу, кедергілерді аттап өту, отырып-тұру, жүгіру, секіру, доп қағып алу, допты екі қолымен лақтыру, таныс қимылдарды орындау тәсілі, жаңа қимылдарды орындау тәсілі; 2) Ұсақ моторика: ұстау, лақтыру, ұсақ мөлшердегі заттарды ұстау, моторика үйлесімі, сурет салу және қарапайым заттарды құрастыру кезіндегі көз-қимыл координациясы. Тексеріс жүргізу кезінде зерттеушімен қатар, жұмыс мазмұнының білетін мұғалім-дефектолог қатысты. Қорытынды мәліметтер барлығымен талқыланып, сәйкесінше бағалар хаттамаға тіркеліп отырды. Бала туралы мағлұматтар ата анасының мәліметтерімен толықтырылып отырды. Баламен үйреншікті ортасында немесе дефектологтың бөлмесінде бірнеше рет кездесу арқылы жүзеге асты. Кездесудің ұзақтығы 20 минуттан 35 минутқа дейін болады, сол себепті тапсырмалардың бар көлемі бірнеше бөліктерге бөлінген, олар қиындығына және көлеміне қарай бір-біріне cәйкес келеді. Алынған нәтиже мектепке дейінгі мекемелердегі психомоторлық дамуы кешеуілдеген балалардың тәрбиесінде маңызды мәнге ие, өйткені мектепке дейінгі жастағы балалардың ерте және кіші кезеңдегі психомоторлық дамуының жағдайын көруге мүмкіндік береді. Бұл балалардың психомоторлық дамуының тапсырмасын адекватты анықтауға, шешімі бойынша жұмыс бағдарламасын құрастыруға көмектеседі. Ерте жастағы психомоторлы тежелісі бар балалардың моторикасының сипаты қозғалыс әлсіздігі, ырғақсыдығы, темп пен қозғалыс баяулығы, моторлық ебедейсіздік бұлшықет күшінің жеткіліксіздігі. Алынған мәліметтерді ерте жастағы ауытқуы бар балалардың қимыл-қозғалысын дамытуда, оқытып тәрбиелеуде, арнайы орталықтарда, оңалту орталықтарында қолданылуы мүмкін.

Anahtar Kelimeler:

Atıf Yapanlar
Bilgi: Bu yayına herhangi bir atıf yapılmamıştır.
Benzer Makaleler








Journal Of Social, Humanities And Administrative Sciences

Alan :   Sosyal, Beşeri ve İdari Bilimler

Dergi Türü :   Uluslararası

Metrikler
Makale : 1.031
Atıf : 416
2023 Impact/Etki : 0.085
Quarter
Sosyal, Beşeri ve İdari Bilimler Temel Alanı
Q4
393/520

Journal Of Social, Humanities And Administrative Sciences