User Guide
Why can I only view 3 results?
You can also view all results when you are connected from the network of member institutions only. For non-member institutions, we are opening a 1-month free trial version if institution officials apply.
So many results that aren't mine?
References in many bibliographies are sometimes referred to as "Surname, I", so the citations of academics whose Surname and initials are the same may occasionally interfere. This problem is often the case with citation indexes all over the world.
How can I see only citations to my article?
After searching the name of your article, you can see the references to the article you selected as soon as you click on the details section.
 Views 24
Ресей Империясының Түркі Халықтарының Бірлігін Жоюға Бағытталған Отарлық Саясаты (Білім Беру Саясаты Мысалында)
2018
Journal:  
Social Mentality and Researcher Thinkers Journal
Author:  
Abstract:

Мақалада авторлар ХІХ-ХХ ғасырлардағы түркі халықтарының арасындағы бауырмал әлеуметтік-саяси байланыстарды, рухани жақындықты, ортақ түркілік рухты әлсіретуге, жоюға бағытталған Ресей патшалығының, оның кейінгі мұрагері Кеңес Одағының отарлық пиғылын сол кездегі білім беру саясаты арқылы талдайды. Ресей империясының түркі халықтарын күшпен орыстандыру жолында ұстанып келген саясатының өзекті желісі отарлаушылардың тілін таратуда және бойында Ресейдің отарлық санасын арқалаған білімдерін беруде еді. Ресей империясының Халықтық ағарту министрлігі мен ағартушы-миссионерлері бұратана халықтар арасында ашылған, орыстандыру саясатын көздеген мектептерге ерекше мән берді. Түркі халықтары үшін мектептер ашудың түбінде оларды сауаттандырып, ғылым-білімге тарту емес, керісінше өздерінің күнделікті саяси-әлеуметтік мұқтажына қызмет етер төменгі дәрежелі қызметкерлер даярлау мақсаты жатты. Жұрт ісін түзейтін оқу-тәрбие жұмысы екендігін жақсы түсінген Абай отарлық біліммен сусындаған қазақ балаларының алған білімдерін халықтың пайдасына жұмсамай, орыс ұлықтарына қосылып алып, халқын талауға жәрдемші болып жүргендерін сынап, «қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек» екендігін барша түркі халқының балаларына насихат етті. Абайдың насихатымен сусындаған ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының шоғырын топтастырған ортақ мұрат – бодандық бұғауында жаншылған елін құлдықтан, құлдық санадан құтқару, тарихи жадыны жаңғырту, өзге өркениетті елдер қатарына қосу болғаны белгілі. Заманында дүниені дүр сілкіндірген түркі рухының отаршылдықтың салдарынан іріп-шірігенін, «жауған оқтан қайтпайтұғын, түріктің жолбарыстай жүрегінен» жаралған, «ерікке ұмтылған түрік жанды» түркі халықтарының бірігетін уақыты жеткенін жырлаған М. Жұмабаев сынды ойшылдар оқу-білімді отарлық саясат негізінде жасалған ескі әдіспен емес, зайырлы білім беруді көздейтін жаңа әдіске сай ұйымдастыру төңірегінде топтасты. Осы тұста қазақ зиялыларының түркішілдік идеясы жадидизм идеясымен ұштасты. Жадидшілдік бағытының қазақ жерінде кең өріс алып, Алаш қозғалысына ұласу шағы 1910-1920 жылдарды қамтыды. Жадидизм – саяси сипаттағы ағым емес, ол – ағарту ісі мен руханиятты тұтастай қамтыған идеялық негізі бар ағым еді. Жадидшілдер отаршылықтан құтылудың бірден-бір жолы түркі жұртының «тілде, ойда, істе – бірлігі» және халыққа білім беру арқылы санасын жаңғырту деп білді. Мектептер мен медреселерде жүргізілетін оқу жүйелерін «жаңа әдіске» сай реформалап, діни сабақтармен қатар ғылымның әр саласынан хабар беретін арифметика, жағырапия, тарих, жаратылыстану, тіл пәндерін жүргізуді алға қойды. А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабаев, М. Дулатұлы т.б. қазақ зиялылары жадид бастамасын батыл қолдай отырып, қазақ даласында «жаңа әдіс» бойынша сауат ашуды қолға алды, бар күштерін халыққа миссионерлік пиғылдан ада оқу-білім үйретуге жұмсады. Бірақ, күшіне енген Кеңес үкіметі «панисламист», «пантүркист» деген жалған желеумен түркі халықтарының тілде, дінде, ойда және істегі бірлігін жырлаушы қазақ зиялыларын түрлі себептермен қудалап, «халық жауы» ретінде репрессияға ұшыратты. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мемлекеттік деңгейде жүзеге асып жатқан рухани жаңғыру бағдарламасының мақсаты түркі халықтарының бірлігін, рухани тұтастығын, түбі бір түркілік тарихи жадысын жаңғырту екені, қазақ тілін латын қарпіне көшіру жөніндегі шешімдер бауырлас түркі халықтарымен қазіргі өркениетте қайта тоғысу екені мақалада қарастырылады.

Keywords:

Citation Owners
Information: There is no ciation to this publication.
Similar Articles




Social Mentality and Researcher Thinkers Journal

Field :   Sosyal, Beşeri ve İdari Bilimler

Journal Type :   Uluslararası

Metrics
Article : 1.471
Cite : 432
2023 Impact : 0.042
Quarter
Basic Field of Social, Humanities and Administrative Sciences
Q4
466/520

Social Mentality and Researcher Thinkers Journal