Kullanım Kılavuzu
Neden sadece 3 sonuç görüntüleyebiliyorum?
Sadece üye olan kurumların ağından bağlandığınız da tüm sonuçları görüntüleyebilirsiniz. Üye olmayan kurumlar için kurum yetkililerinin başvurması durumunda 1 aylık ücretsiz deneme sürümü açmaktayız.
Benim olmayan çok sonuç geliyor?
Birçok kaynakça da atıflar "Soyad, İ" olarak gösterildiği için özellikle Soyad ve isminin baş harfi aynı olan akademisyenlerin atıfları zaman zaman karışabilmektedir. Bu sorun tüm dünyadaki atıf dizinlerinin sıkça karşılaştığı bir sorundur.
Sadece ilgili makaleme yapılan atıfları nasıl görebilirim?
Makalenizin ismini arattıktan sonra detaylar kısmına bastığınız anda seçtiğiniz makaleye yapılan atıfları görebilirsiniz.
 Görüntüleme 18
 İndirme 2
Білім Сапасын Арттыруда Жаңа Технологияларды Қолдану
2018
Dergi:  
Journal Of Social, Humanities And Administrative Sciences
Yazar:  
Özet:

Бұл мақалада білім беру жүйесінің алдында қоғам дамуының қай кезінде болмасын үлкен міндеттер тұрғаны белгілі. Өйткені білім беруді дамыту арқылы, мемелекттің өсіп өркендуіне жақсы жол ашылары сөссіз. Қазір қоғамның өзгеруіне байланысты білім беру әдістері де, білімнің көлемі де үнемі өзгеріп, дамып отырады. Жаңа педагогикалық технологияларға білім беруді ізгілендіру технологиясы, түсіндіре басқарып, озат оқу технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технология, міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы және дамыта оқыту технологиясы кіреді. Дамыта оқыту технологиясының басты міндетті оқушыларды өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдылық икемділіктерін дамыту. Ізгілендіру технологиясының мақсаты баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту. Озат оқыту технологиясы барлық балаларды табысты оқыту, сараптау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қиыншылықтарын жеңу. Деңгейлеп саралап оқыту, оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиясын шығаруға ұмтылу. Білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және өзін-өзі дамытып оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа технологиялар қызықты әрі сапалы жүргізудің жинақталғын тәсілі бола келіп, оқылатын пәндердің жете меңгерілуіне әсер етеді. Оқу жүйесіне тың тәсілдер жүйесінің тиімді технологиясының енуі - бүгінгі күннің талабы. Бұл жағдайда мұғалімнің алға қойған маңызды міндеттері орындалып, талабы таудай жеке тұлға қалыптасатыны сөссіз. Әр оқушының қабілетін танып білуге жаңашыл жұмыс, жаңашыл ізденіс оң нәтиже береді. Қойылған педагогикалық мақсатты нәтижеге дейін жеткізуге арналған "оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" бағдарламасының оң нәтижесін беретін құрылымдық ерекшелігін оқытушыларымыз жақсы түсіндіреді, өз тәжірбиесіне жан-жақты енгізеді. Мұғалім білім беру үрдісінде сабақты құрамдас бөліктерге бөліп, оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту, ойлау мен үйренуге бағытталған жаңа мағынаны тану, жаңа материалды ой-толғаныс кезеңінен өткізіп оқушы өзін-өзі бағалауға, салыстыруға, қорытынды жасауға үлкен мүмкіндік береді. Педагогикалық технологияның бұл түрінде баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру алға қойылады. Заман талабына лайық қызмет ететін оқытушылар білім сапасын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологиялады кеңінен пайдалану керек.

Anahtar Kelimeler:

Atıf Yapanlar
Bilgi: Bu yayına herhangi bir atıf yapılmamıştır.
Benzer Makaleler


Journal Of Social, Humanities And Administrative Sciences

Alan :   Sosyal, Beşeri ve İdari Bilimler

Dergi Türü :   Uluslararası

Metrikler
Makale : 1.031
Atıf : 416
2023 Impact/Etki : 0.085
Quarter
Sosyal, Beşeri ve İdari Bilimler Temel Alanı
Q4
393/520

Journal Of Social, Humanities And Administrative Sciences